Жаңалықтар

25.05.2023 (Обновлено: 05.06.2023 12:43)

2023 жылғы 25 мамырда өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңесі отырысының қорытындысы

ЕАЭО туралы шартқа түзетулер пакеті – III Үлкен Хаттама қабылданды. Оның негізгі мақсаты – құқық қолдану практикасы барысында анықталған құқықтық реттеудегі олқылықтарды жою, Одақ туралы шартта қолданылатын терминологияны нақтылау, Одақ органдарына техникалық реттеу, фитосанитариялық шаралар, Одақ жанындағы бақылаушы мемлекеттің мәртебесі, мемлекеттік сатып алу бойынша бірқатар өкілеттіктер беру.

Мемлекет басшыларына 2022 жылғы 2025-Стратегиясын іске асыру нәтижелері ұсынылды.

Өнеркәсіп салаларында бірлескен кооперациялық жобаларды іске асыру кезінде қаржылық жәрдемдесу бойынша ЕАЭО туралы шартқа Өзгерістер енгізу туралы хаттама қабылданды. Бірлескен өнеркәсіптік кооперациялық жобаларға қаржылық жәрдемдесу халықаралық және ұлттық қаржы ұйымдары беретін кредиттер мен қарыздар бойынша пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау есебінен жүзеге асырылатын болады, олардың тізбесін ЕЭК Кеңесі айқындайды.

Мемлекет басшыларына 2022 жылы Еуразиялық экономикалық одақтың халықаралық қызметінің негізгі бағыттарын іске асыру туралы баяндама ұсынылды. Әлемдік сауда мен инвестициялардың баяулауы аясында ЕАЭО мемлекеттері үшін Азия-Тынық мұхиты және Таяу Шығыс өңірлерінің сауда-экономикалық әріптестерінің маңыздылығы айтарлықтай өсті: Одақтың сыртқы сауда айналымында Қытай, Үндістан, Біріккен Араб Әмірліктері, Иран және басқа елдердің үлес салмағы артты.

Жоғарғы Кеңес туризм, метеорология, маркшейдерлік, мүлікті бағалау, құрылыс және кинематография саласындағы ырықтандыру жоспарларын іске асыру бойынша қолдануға арналған міндетті баяндаманы мақұлдады. Онда ырықтандыру мәселелері, оның ішінде реттеудің, әкімшілік ынтымақтастықтың мазмұндық баламалық критерийлері және оларды шешу жолдары келтірілген.


ЕАЭО тауарлардың экспорты мен импортына арналған лицензиялар мен рұқсаттарды электронды түрде беруге дайындалуда.


ЖЕЭК отырысында қол қойылған қорытынды актілердің тізбесі

1. «Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» шешім.

2. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өнеркәсіп салаларында бірлескен кооперациялық жобаларды іске асыруы кезінде қаржылық көмек көрсету бойынша 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Өзгертулер енгізу туралы хаттама.

3. «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өнеркәсіп салаларында бірлескен кооперациялық жобаларды іске асыруы кезінде қаржылық көмек көрсету туралы» шешім.

4. Қырғыз Республикасының 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты, Еуразиялық экономикалық одақ құқығына кіретін жекелеген халықаралық шарттарды және 2015 жылдың 8 мамырында қол қойылған Қырғыз Республикасының 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қосылуына байланысты Еуразиялық экономикалық одақ органдарының актілерін қолдану жөніндегі талаптар мен өтпелі ережелер туралы Хаттамаға өзгеріс енгізу туралы хаттама.

5. 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттама («ІІІ Үлкен Хаттама»).

6. «Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеудің бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы хаттаманың 20-тармағының 5-тармақшасына сәйкес ақпарат беру туралы өкім (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың № 20 қосымшасы)».

7. «Еуразиялық экономикалық комиссия жұмысының регламентінің № 1 қосымшасына өзгеріс енгізу туралы» шешім (тауарлардың экспортына және (немесе) импортына лицензиялар мен рұқсаттар беру қағидаларын бекіту).

8. «Еуразиялық экономикалық комиссия жұмысы регламентінің № 1 қосымшасына өзгеріс енгізу туралы» шешім. (кедендік операциялар).

9. «Еуразиялық экономикалық одақ аясында қызметтердің жекелеген секторлары бойынша ырықтандыру жоспарларын іске асыру туралы» өкім.

10. «Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 112 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешім.

11. «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің 2021-2022 жылдары көрсетілетін қызметтер саудасын, мекеме мен қызметті реттеу қағидаларында көзделген ережелерді орындауы бойынша мониторинг жүргізу нәтижелері туралы» өкім.

12. «Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 7 өкіміне өзгерістер енгізу туралы» өкім.

13. «Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кезекті отырысын өткізу уақыты мен орны туралы» өкім.