Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысының қорытындылары

29 мамырда Астанада Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы өтті.

Отырысқа Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің басшылары — Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров, Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин, сондай-ақ Армения Республикасының Вице-премьері Мгер Григорян және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Бақытжан Сағынтаев қатысты.

 

ЕАЭО жанындағы байқаушы мемлекеттер тарапынан — Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев, Куба Республикасының Вице-президенті Сальвадор Вальдес Меса, Иран Ислам Республикасының Өнеркәсіп, кеніштер және сауда министрі Сейед Мохаммад Атабак қатысты.

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында Еуразиялық экономикалық одақта жасанды интеллектіні жауапты дамыту туралы бірлескен мәлімдеме қабылданды.

ЕАЭО мемлекеттерінің басшылары Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарын іске асыру нәтижелерін қарады.

2025 жылы ЕАЭО халықаралық қызметінің негізгі бағыттарын іске асыру талқыланды.

Одақ елдерінің көшбасшылары Тунис Республикасымен еркін сауда туралы келісім жасасу жөніндегі келіссөздерді ресми бастау туралы ұсынысты қолдады.

ЖЕЭК Еркін сауда аймағы туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы Сербиямен келіссөздер жүргізуді мақұлдады.

Табиғи монополияларды реттеу саласында 2025 жылдың қорытындысы шығарылды.

ЕАЭО-да көрсетілетін қызметтерді ырықтандыру жоспарларын іске асыру туралы баяндама бекітілді.

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес ЕАЭО-да кооперациялық жобаларды іске асыру кезінде АӨК-тегі қаржылай жәрдемдесу механизмін кеңейтті.

ЖЕЭК ЕЭК баяндамасын және тұқым шаруашылығын біріздендірудің бұдан арғы бағыттарын мақұлдады.

Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша тауарларды әкелу кезінде Қазақстанда төленген кедендік әкелу баждарын бөлу мәселесі реттелді.