Ет және ет өнімдеріне арналған техникалық регламенттің мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу жөніндегі бағдарламасы өзгертілді

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Кеден одағының «Ет және ет өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» техрегламентіне (КО ТР 034/2013) мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу жөніндегі бағдарламасына енгізілген өзгертулерді қабылдады.

Бағдарламадан Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының және Ресей Федерациясының тиісті стандарттарды әзірлеуіне байланысты тоғыз позиция алынып тасталды.

Әзірлеуге қатысушылардың ұсыныстары бойынша оның жобасын пысықтау қажеттілігіне байланысты Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының ұлттық стандарттау жоспарларын және бір стандартты өзектендіруіне байланысты 42 стандартты әзірлеу мерзімдері ауыстырылды.

Сонымен қатар, бағдарлама МЕМСТ Р 54047-2010 негізінде ет өнімдерінің дисперсиясын анықтау әдісіне МЕМСТ әзірлеу туралы бір позициямен толықтырылды.