18 маусымда Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының шешімімен Кеден одағының «Төмен вольтты жабдықтардың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентінің мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу жөніндегі бағдарламасына (КО ТР 004/2011) нақты өзгертулер енгізілді.
Бағдарлама Халықаралық электротехникалық комиссия стандарттарының өзекті нұсқалары негізінде үздіксіз энергиямен жабдықтау жүйелеріне (UPS) және төмен вольтты тарату және басқару аппаратурасына арналған бес жаңа мемлекетаралық стандарттармен толықтырылды. Оны Ресей Федерациясы әзірлейтіні анықталды.
Сондай-ақ, Бағдарламаға бұрын енгізілген бірқатар мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу мерзімі түзетілді, олардың жауапты әзірлеушілері Беларусь Республикасы мен Ресей Федерациясы болып табылады.
Алқаның шешімі ресми жарияланған күнінен бастап 30 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.