Дәрілерді тіркеу және сараптау қағидалары өзгертілді
16.09.2025

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі Медициналық қолдануға арналған дәрілік заттарды тіркеу және сараптау қағидаларына өзгерістерді қабылдады.

Өзгерістер ЕЭК Кеңесінің 2025 жылғы 22 мамырдағы № 34 шешімімен оңтайландырылған тіркеу дерекнамасын ЕАЭО талаптарына сәйкестендіру рәсімінің ережелерін 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін бұрын мәлімделмеген тану мемлекеттерін қосу бөлігінде өзгерістер енгізу рәсіміне өтініш берген өндірушілер үшін қолдануға мүмкіндік береді. Сөйтіп, осы елдерде ұлттық тіркеу куәліктерінің қолданысын рәсімдерді жүргізу мерзіміне, бірақ 2027 жылғы 31 желтоқсаннан асырмай ұзартумен қамтамасыз етіледі.

"Бұл өзгерістер ЕАЭО талаптарына сәйкес келтіру рәсімін жүргізу мерзімдерін Одақтың ортақ дәрі нарығына орайлас өтпелі кезең шеңберінде оңтайландыруға арналған", — деп атап өтті ЕЭК Техникалық реттеу жөніндегі министрі Валентин Татарицкий.