Жолаушы кедендік декларациясын толтыру қағидалары өзгертілді

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Жолаушы кедендік декларациясын толтыру қағидаларына Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне жеке пайдалануға арналған бажсыз әкелу нормаларынан асатын тауарлар әкелінетін жағдайлар үшін өзгерістер енгізді.

Құны, салмағы және (немесе) саны кедендік төлемдерді төлемей әкелу нормаларынан асатын жеке пайдалануға арналған тауарларды декларациялауды жүзеге асыру кезінде жолаушылар декларациясында жеке тұлға әкелген барлық тауар (сапарға өзімен бірге ала барған пайдаланылған заттарды қоспағанда) туралы мәліметтер көрсетілуге тиіс екендігі көзделген.

Мұндай тәсілдеме бажсыз әкелу нормаларына жататын тауарларды бөліп көрсету үшін барынша дәлдікті қамтамасыз етуге және төленуге жататын кедендік төлемдерді есептеу кезінде оларды ескермеуге мүмкіндік береді.