Жаңалықтар

29.10.2021 (Обновлено: 30.03.2022 15:29)

Каныбек Касымали уулу: «Фармацевтика саласы - ЕАЭО-ның сауда және келіссөз күн тәртібіндегі басымдықтардың бірі»

Бұл туралы «Жаңа сын-қатерлер және ЕАЭО-ның фармацевтика индустриясы үшін мүмкіндіктер» салалық вебинарына қатысушыларға - Одаққа мүше мемлекеттердің іскер топтарының өкілдеріне арнаған құттықтау сөзінде Еуразиялық экономикалық комиссияның Сауда саясаты департаменті директорының орынбасары Каныбек Касымали уулу мәлімдеді.

«Егер статистикаға қарайтын болсақ, 2021 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша  2020 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда Еуразиялық экономикалық одақтың фармацевтика  өнімінің  үшінші елдерге  экспорты 2,5  есе дерлік өсті. Осы кезеңде ЕАЭО елдерінің өзара сауда көлемі 21% артты. Дәріге сұраныстың өсуі, мемлекеттік сектор рөлінің артуы, реттеушілер белсенділігінің өсуі және соншама белсенді заң шығармашылық – міне осы барлық фактор  фармацевтика саласы үшін  беріктіктің сынаушысы да, жаңа мүмкіндіктер де болды»,- деп атап өтті Каныбек Касымали уулу.

Оның сөзінше, коронавирус жағдаяты да мемлекеттердің дәрілік препараттар мен медициналық бұйымдар бағасын реттеуге назар аударуын күшейтті.

Қашықтан сауда жасауға, айтарлықтай дәрежеде интернеттегі жарнама мен табиғи жарнамаға өзінше түрткі бере отырып, саланы цифрландыру белсенді дамуға ие болды.

«ЕЭК іс-қимылды үйлестіру үшін және  біздің елдерімізді  маңызды дәрілік препараттармен және фармсубстанциялармен қамтамасыз ету деңгейін арттыру мақсатында бірлескен іс-шаралар жоспарын әзірлеуді бастады, оларды орындау  белгілі бір дәрежеде импорттан тәуелсіздікке қол жеткізуге мүмкіндік береді»,- деп хабарлады Еуразиялық экономикалық комиссияның Өнеркәсіптік саясат  департаменті директорының орынбасары Георгий Арзуманян.

Оның сөзінше, айта келгенде, сөз соның ішінде мүше мемлекеттер аумағында фармацевтикалық субстанциялар мен дәрілік препараттар өндірісі үшін  қажетті  тауарлардың жекелеген түрлеріне қатысты кедендік-тарифтік реттеу шаралары бойынша ұсыныстар дайындау  және өндіріс саласында кооперациялық жобаларды қолдау механизмдерін пысықтау жайында болып отыр.

Іс-шаралар жоспарын 29 қазанда Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің отырысында талқылау жоспарланып отыр. 

«Біз тікелей мәреге шықтық. Аздаған техникалық келіспеушіліктер бар, бірақ  жыл аяғына дейін іс-шаралар жоспары қабылданатын болады деп ойлаймын»,- деп үміт білдірді Георгий Арзуманян.

ЕАЭО фармацевтикалық өндірушілер қауымдастығының басқарма төрағасы, «Генериум» АҚ жаңа медициналық технологияларды ендіру жөніндегі вице-президенті Дмитрий Кудлайдың пікірінше, қауіпсіздікке қойылатын бірыңғай талаптар қажет, әйтпесе даму мүмкін емес. Саланы қолдаудың  түрлі шаралары да маңызды. Бұл ретте бүгінде кадрлардың өте мықты жетіспеушілігі бар. ЕАЭО шеңберінде  мамандар даярлау жүйесіне қатысты күш-жігерді шоғырландыруға болар еді.

Жалпы Дмитрий Кудлайдың пікірінше, егер елдердің бірінде қандай да бір құзыреттер пайда болса, оларды альянстың барлық еліне таратқан дұрыс. Бұл әсіресе пандемия кезеңінде маңызды.

«Белсенді құрауыш» АҚ құқықтық мәселелер жөніндегі директоры Мария Комарова өз кезегінде фармсубстанциялар мен дәрілік  препараттар өндіру үшін қандай шаралар маңызды екеніне тоқталды. Оның пікірінше, сөз интермедиаттар мен  реагенттарды кедергісіз әкелуге мүмкіндік беретін шаралар туралы болуға тиіс. 

«Тиімді шара кедендік баждарды нөлге түсіру болып табылады. Кооперациялық тізбектерді түзудің орталықтандырылған жұмысы жүргізілуге тиіс.  Демек, бізге Одақ аумағынан бірінші кезекте шикізат бөлігінде әріптестер табуға ЕЭК тарапынан көмек өте-мөте қажет»,- деп атап өтті ол.

Ресей Федерациясы  Мемлекеттік Думасының депутаты,  Экономикалық саясат комитеті төрағасының орынбасары Станислав Наумов Ресей парламентінде бүгін  алдағы жылдарға арналған бюджетті талқылау басталғанын атай өтті. Жаңа шығыстар коронавирустан зардап шеккен адамдарды оңалтуға қаржы жұмсау қажеттігіне байланысты. Іс жүзінде пандемиялық бюджет талқылануда, онда денсаулық сақтау мен демографияға маңызды назар аударылады. Осы тақырыптар ЕАЭО үшін де өсу нүктелері бола алар еді. Алайда Станислав Наумовтың пікірінше, бүгінде ЕАЭО-да дәрілік қауіпсіздік мәселесінің тоқтап қалуы байқалып отыр, бірқатар ұлттық реттеушілердің тәуекелшіл позициясы бар. Осыған байланысты ол Еуразиялық экономикалық комиссиядан өзіне өкілеттіктерді батыл алуды өтінді. Бәрінен бұрын ЕАЭО-ның барлық елі үшін өмірлік қажетті дәрілердің  бірыңғай тізбесі қажет. Тиімді өзара пайдалы шешімдерді тауып,  мұны жедел жасау керек.

Фармакоқадағалау ұлттық ғылыми орталығының бас директоры Анатолий Крашенинников  фармакологиялық қадағалау мониторингі мен инспекциялаудың бірыңғай орталығын құруды жақтап сөйледі. Сайып келгенде, бүкіл фармакожүйесі  -  бұл тәуекелдерді басқару жүйесі. Оның жақсы жолға қойылғаны маңызды. Ол соңғы екі жылда 190-нан астам нормативтік акт әзірленгенін, олардың 22 %-ы дәрілік препараттар айналысының қауіпсіздігі мәселелеріне арналғанын атап өтті. Әдістемелердің көпшілігі бойынша  оларды қолдану қағидаларының бірыңғай стандарты жоқ. Осы жәйітті реттеуді және ЕАЭО жүйесіне имплементтеуді қалаған болар едік. Фармакоқадағалау субъектілерінің рөлімен жұмыс істеу де маңызды. Осының бәрінің  нормативтік заңнамада бекітілуі және барынша ашық жұмыс істеуі қажет. Оның үстіне ұлттық талаптар көбінесе бірінің үстіне бірі таңылып жатады. Үндестірілген жағдайда бұдан арылуға болар еді. Анатолий Крашенинников те фармакобақылау мен  медқауіпсіздік жүйесіндегі  кадр тапшылығын атап өтті. 

Беларусь Республикасындағы  РЭО компаниялар тобы өкілдігінің басшысы, ЕАЭО Іскерлік кеңесінің цифрлық күн тәртібі комитеті  төрағасының кеңесшісі Виктор Доронкевич  дәрілерді қашықтықтан сатып алуға байланысты бірқатар проблеманы көтерді. Атап айтқанда, оның сөзінше, заңнамалық базаға және препараттарды жеткізуді ұйымдастыруға байланысты  мәселелер өзекті. Бүгінде логистикаға жұмсалатын шығын тауарды сатып алу құнымен тең келетін болып шықты  деді ол.

Іс-шараға қатысушылар вебинар тыңдаушыларынан келіп түскен сұрақтарға да жауап берді. Каныбек Касымали уулу Еуразиялық экономикалық комиссияның ынтымақтастыққа және  бизнес-диалогтардың  онлайн-форматы мен Комиссияның сауда блогының салалық телеграм-арнасын қоса, соның ішінде  байланыстың ең қазіргі заманғы құралдары арқылы іскер қоғамдастықпен өзара іс-қимыл жасауға әрқашан ашық екенін әріптестерінің есіне салды.