Басты бет
/
Жаңалықтар
/
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Бақытжан Сағынтаев ЕАЭО-ны дамытудың түйінді бағыттарын талқылады
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Бақытжан Сағынтаев ЕАЭО-ны дамытудың түйінді бағыттарын талқылады
08.12.2025
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 8 желтоқсанда Ақордада Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Бақытжан Сағынтаевты қабылдады.
Мемлекет басшысы ЕЭК қызметінің негізгі қорытындылары мен бағыттары туралы баяндаманы тыңдады.
Кездесу барысында Еуразиялық экономикалық одақтың ағымдағы жай-күйі және одан әрі дамыту перспективалары талқыланды.
Әңгімелесу кезінде Қазақстан Республикасының 2026 жылғы ЕАЭО органдарындағы төрағалық ету басымдықтарына айрықша назар аударылды.
Қасым-Жомарт Тоқаев сондай-ақ 21 желтоқсанда Санкт-Петербургте өткізу жоспарланған Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына дайындық барысы туралы хабардар етілді.