Қасым-Жомарт Тоқаев пен Бақытжан Сағынтаев ЕАЭО-ны одан әрі дамыту перспективаларын талқылады

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Бақытжан Сағынтаевты қабылдады.

Мемлекет басшысы ЕЭК қызметінің басымдықты бағыттары туралы баяндаманы тыңдады.

Кездесу барысында Еуразиялық экономикалық одақтың ағымдағы жай-күйі және оны одан әрі дамыту перспективалары талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа 26 желтоқсанда Санкт-Петербургте өтетін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кезекті отырысына дайындықтың барысы туралы да баяндалды.