Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт
Тоқаев 5 мамырда Ақордада Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы
Бақытжан Сағынтаевты қабылдады.
Мемлекет басшысы 2026 жылы Еуразиялық экономикалық одақ органдарында Қазақстанның төрағалық ету басымдықтарын іске асыруға баса назар аудара отырып, ЕЭК-тің ағымдағы жұмысы мен қызметінің перспективалары туралы баяндаманы тыңдады.
Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының Президентіне ЕАЭО шеңберінде жасанды интеллектіні жауапкершілікпен дамыту туралы бірлескен мәлімдеме бойынша жұмыстың аяқталғаны туралы баяндалды. Құжат Еуразиялық интеграциялық бірлестік елдерінің мүше мемлекеттер экономикасы салаларында жасанды интеллект технологияларын дамыту жөніндегі ынтымақтастығының негізгі бағыттарын айқындайды.
Қасым-Жомарт Тоқаев 28-29 мамырда Астанада өтетін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына және V Еуразиялық экономикалық форумға дайындық барысы туралы да хабардар етілді.