ЕЭК Алқасы минералдық тыңайтқыштар өндірісіне арналған фосфаттарға қатысты әкелу бажын екі жылға нөлге түсірді
13.01.2026

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы кальцийдің табиғи фосфаттарына, табиғи алюминий-кальций фосфаттарына және ұнтақталған фосфат борына (ЕАЭО СЭҚ ТН 2510 20 000 0 коды) қатысты кедендік әкелу бажының ставкасын кедендік құнның 0% мөлшерінде 2028 жылғы 29 ақпанға дейін сол күнді қоса алып белгіледі.

"Кедендік әкелу бажының нөлдік ставкасын қолдану Еуразиялық экономикалық одақ аумағында фосфат өндірудің шектеулі көлемі жағдайында минералдық тыңайтқыш өндірушілер қуаттарының жүктелуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", – деп атап өтті ЕЭК Кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу департаментінің директоры Ваагн Казарян.

Выноска
Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

ЕЭК Алқасының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 186 шешіміне сәйкес 2024 жылғы 5 қаңтардан бастап 2026 жылғы 4 қаңтарға дейін аталған тауарларға қатысты кедендік құнның 0%-ы мөлшерінде кедендік әкелу бажының уақытша ставкасы қолданылып келді.