Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы тиісті демпингке қарсы шараны қолдану шеңберінде қабылданған болат сыналы ысырма өндіруші қытайлық Neway Valve (Suzhou) Co., Ltd компаниясының баға міндеттемелерін тоқтату туралы шешім қабылдады.
Енді аталған компания өндірісінің барлық болат сыналы ысырмаларына қатысты ол үшін белгіленген демпингке қарсы баж 25,57% мөлшерінде қолданылатын болады.
Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Қытай Халық Республикасынан шығатын болат сыналы ысырмаларға қатысты демпингке қарсы баж ЕЭК Алқасының 2022 жылғы 20 желтоқсандағы шешімімен белгіленген және өндірушіге байланысты кедендік құнның 25,57-ден 36,23%-на дейін құрайды. Осымен бір уақытта жоғарыдағы шешіммен қытайлық өндіруші Neway Valve (Suzhou) Co., Ltd компаниясының баға міндеттемелері мақұлданған болатын.