Ресей Федерациясы 2022 жылғы 2 қарашадан бастап осы техникаға тек электрондық паспорттарды ресімдеуге кіріседі. Бұл ретте ЕАЭО мемлекеттерінен әкелінетін, бірыңғай нысан бойынша ресімделген "қағаз" паспорттары бар техниканы 2022 жылғы 15 желтоқсанға дейін тіркеу есебіне қоюға болады.
Бұл шара мүше мемлекеттердің Одақта өздігінен жүретін машиналар мен басқа да техника түрлерінің электрондық паспорттарын ғана ресімдеуге әртүрлі жылдамдықта көшуін ыңғайлы етуге мүмкіндік береді.
ЕАЭО-да өздігінен жүретін машиналардың электрондық паспорттарын ресімдеуге көшу ЕАЭО-ның бірыңғай нарығында өздігінен жүретін машиналардың еркін айналысы үшін неғұрлым қолайлы жағдайлар жасауға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, макроэкономикалық орнықтылықты қамтамасыз етуді қоса, қалыптасқан экономикалық жағдайларда және ЕАЭО мемлекеттері экономикасының орнықтылығын арттыру бойынша қабылданып жатқан шараларға сай Комиссия Алқасының бұл шешімін іске асыру жоғарыда аталған техника түрлерінің тұрақты өндірісін қолдауға ықпал ететін болады.