ЕЭК Алқасы ЕАЭО шеңберіндегі ресми статистикаға арналған жаңа дерек көздері туралы шолуды қарады

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Еуразиялық экономикалық одақта ресми статистикалық ақпаратты қалыптастыру үшін әкімшілік деректерді, үлкен деректерді және геокеңістіктік ақпаратты қоса, жаңа дерек көздерін пайдалануға шолуды талқылады.


Құжатты Комиссияның Статистика департаменті статистика саласындағы интеграцияны дамытудың 2026-2030 жылдарға арналған бағдарламасын орындау мақсатында дайындады. Онда халықаралық тәсілдемелер мен озық практикаларға талдау жүргізілген, мүше мемлекеттердің жаңа дерек көздерін қолдану тәсілдемелері жинақталған
 және бұдан арғы жұмыстың басты бағыттары баса көрсетілген.

Жаңа дерек көздерін пайдалану статистикалық ақпараттың жеделдігін, толықтығын және салғастырмалығын арттыруға, сондай-ақ респонденттерге түсетін жүктемені азайтуға мүмкіндік береді. 

"Бұл шолу Одақтың ресми статистикасын одан әрі дамыту үшін маңызды. Ол жаңа дерек көздерінің қазіргі заманғы статистикалық жүйенің ажырамас бөлігіне айналатынын көрсетеді", — деп атап өтті ЕЭК Интеграция және макроэкономика жөніндегі министрі Данияр Иманалиев.

Шолу материалдары ЕАЭО-дағы статистикалық қызметті жетілдіру жөніндегі бұдан арғы жұмыста пайдаланылатын болады.

Скачать исходники фотографий