Жаңалықтар

27.02.2024

ЕЭК Алқасы Одақтың май-тоңмай өнімдеріне арналған техникалық регламентіне өзгерістер бойынша өтпелі ережелерді белгіледі

Өтпелі кезең – 12 ай болып айқындалды, осының ішінде Кеден одағының "Май-тоңмай өнімдеріне арналған техникалық регламент" техникалық регламентінде белгіленген міндетті талаптарға сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында май-тоңмай өнімдерін өндіруге және айналысқа шығаруға жол беріледі.

Одақтың кедендік аумағында осындай май-тоңмай өнімдерін өндіруге және айналысқа шығаруға жол беріледі. Мұндай өнімдерді айналысқа шығаруға дайындаушы белгілеген жарамдылық мерзімі ішінде рұқсат етіледі.

Өзгерістер техрегламенттің жекелеген ережелерін, соның ішінде өсімдік майларын тасымалдауға, сондай-ақ тағамдық май-тоңмай өнімдерінің жекелеген түрлерінде "май қышқылдарының глицидил эфирлерінің" рұқсат етілген деңгейін белгілеуге қатысты нақтылайды.

Өзгерістер 2024 жылғы 22 желтоқсанда күшіне енеді.