Жаңалықтар

02.02.2022 (Обновлено: 18.02.2022 10:10)

ЕЭК Алқасы теміржол көлігі саласындағы техникалық регламенттерге өзгерістерді күшіне енгізу тәртібін белгіледі

Кеден одағының «Теміржол жылжымалы құрамының қауіпсіздігі туралы» (КО ТР 001/2011), «Жоғары жылдамдықты теміржол көлігінің қауіпсіздігі туралы» (КО ТР 002/2011) және «Теміржол көлігі инфрақұрылымының қауіпсіздігі туралы» (КО ТР 003/2011) техникалық регламенттеріне өзгерістер Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 90 шешімімен енгізілді және 2022 жылғы 6 сәуірден бастап күшіне енеді.

Күшіне енгізу тәртібін белгілеу техрегламенттің және сәйкестікті бағалау туралы құжаттардың жаңа талаптарға кезең-кезеңмен көшуі үшін қамтамасыз ету рәсімі болып табылады.

Өзгерістерді күшіне енгізу тәртібі 2022 жылғы 6 сәуірге дейін берілген сәйкестікті бағалау туралы құжаттардың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін өнімді өндіру және айналысқа шығару мүмкіндігіне жол береді. Бұдан басқа, бұрын сәйкестікті бағалауға жатқызылмаған өнімді 2024 жылғы 8 сәуірге дейін тиісті құжаттарсыз айналысқа шығаруға болады.

Бұл ретте өтпелі ережелерге сәйкес шығарылған өнім айналысына оның қызметінің бүкіл мерзімі ішінде жол беріледі.