Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы 2025 жылға арналған ет өнімдерінің жекелеген түрлеріне және сүт іріткілеріне қатысты тарифтік квоталарды белгілеу және бөлу туралы шешім қабылдады.
«Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа сәйкес ЕЭК үшінші елдерден шығарылатын және ЕАЭО кедендік аумағына әкелінетін ауыл шаруашылығы тауарларының жекелеген санаттарына қатысты оларды мүше мемлекеттерде тұтыну мен өндіру тепе-теңдігін, сондай-ақ елдердің Дүниежүзілік сауда ұйымы алдындағы міндеттемелерін ескере отырып, тарифтік квоталарды белгілейді», — деп еске салды ЕЭК Кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу департаментінің директоры Ваагн Казарян.
Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы үшін 2025 жылға арналған тарифтік квоталар мемлекеттердің ДСҰ-ға қосылуы туралы хаттамаларда белгіленген мөлшерде белгіленген. Армения Республикасы, Беларусь Республикасы және Қырғыз Республикасы үшін тарифтік квоталар тараптар сұратқан көлемдер ескеріле отырып, тұтыну мен өндіріс арасындағы айырмадан аспайтын көлемде айқындалған.
Мәселен, ірі қара малдың еті бойынша квоталар Армения Республикасы үшін 9,5 мың тоннаны, Қазақстан Республикасы үшін 21 мың тоннаны, Қырғыз Республикасы үшін 5 мың тоннаны және Ресей Федерациясы үшін 570 мың тоннаны құрайды. Шошқа еті үшін квоталар мынадай көлемде бөлінеді: Армения Республикасы үшін 9,4 мың тонна, Беларусь Республикасы үшін 20 мың тонна және Қырғыз Республикасы үшін 2 мың тонна.
Ет және құс еті бойынша квоталар Армения Республикасы үшін 35,1 мың тоннаны, Беларусь Республикасы үшін 10,9 мың тоннаны, Қазақстан Республикасы үшін 140 мың тоннаны, Қырғыз Республикасы үшін 58 мың тоннаны және Ресей Федерациясы үшін 364 мың тоннаны құрайды.
Сүт іріткісін әкелуге квота Армения Республикасы үшін 0,7 мың тонна көлемінде және Ресей Федерациясы үшін 15 мың тонна көлемінде белгіленген.