Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы алкоголь өніміне арналған техрегламентке орайлас стандарттар тізбесін бекітті. Оларды қолдану нәтижесінде техрегламенттің сақталуы ерікті негізде қамтамасыз етілетін стандарттар тізбесіне 149 стандарт (олардың 63-і МемСТ ммемлекетаралық стандарты және 86-сы мүше мемлекеттердің ұлттық (мемлекеттік) стандарты) кірістірілген. Ал зерттеу қағидалары мен әдістерін, соның ішінде іріктеу қағидаларын қамтитын стандарттар тізбесіне 680 құжат кірістірілген.
Стандарттар тізбесін Ресей Федерациясының Қаржы министрлігі ЕАЭО елдері мемлекеттік органдарымен бірлесіп, сарапшылар мен бизнес қоғамдастық өкілдерінің қатысуымен әзірлеген.
ЕЭК Алқасының шешімі ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелк 30 күн өткен соң күшіне енеді. Техрегламент 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданылатынын ескере келгенде, алкоголь өнімін өндірушілер мен импорттаушылардың және сәйкестікті бағалау органдарының жаңа жағдайда жұмыс істеуге дайындалуға, сәйкестікті бағалау құжаттарын ресімдеуге және аккредиттеу саласындағы нақтылауға шамамен 1,5 жыл уақыты болады.