ЕЭК Алқасы Одақ елдерінде тұтынушылар құқықтарын қорғаудың тақырыбын бекітті

"Интернетте өз үйіңдегі сияқты: құқықтарыңды біл, саналы түрде сатып ал" – Еуразиялық экономикалық комиссия 2026 жылы Еуразиялық экономикалық одақта жұмыс істеудің басымдығы ретінде осындай тақырыпты бекітті. ЕЭК Алқасы 24 желтоқсандағы отырысында Одақ елдері үшін тиісті ұсыным қабылдады.


Таңдалған тақырып тұтынушылар мен кәсіпкерлердің цифрлық кеңістіктегі өзара іс-қимыл мәселелеріне қоғамның қосымша назар аударуына мүмкіндік береді, олардың арасындағы сенімді нығайтуға көмектеседі.

 

2026 жылы ЕАЭО мемлекеттері азаматтардың Интернеттегі құқықтар, мінез-құлық ерекшеліктері және виртуалды кеңістіктегі тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді таңдау туралы хабардарлығын арттыру үшін ақпараттық және оқып үйрету іс-шараларын жоспарлады. Алда тұрған жұмыс барлық бес мүше мемлекеттің тұрғындарын қамтиды.

Комиссия жүргізген сауалдамаға сәйкес, Одақ елдері халқының 95%-ы тауарларды онлайн-форматта сатып алады, олардың 80%-ы тауарларды ғана емес, көрсетілетін қызметтерді де сатып алады. Бұл ретте Интернет-сауда кезінде олардың құқықтарының бұзылуына байланысты проблема барған сайын өткір бола түсуде: ЕАЭО елдерінің әрбір екінші тұрғыны осындай бұзушылыққа тап болып отыр.

2026 жылдың тақырыбын Комиссия өткізген қоғамдық дауыс беру қорытындысы бойынша Одақ елдері тұтынушыларының құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі консультативтік комитет ұсынды.

Мүше мемлекеттердің электрондық саудада тұтынушылардың құқықтарын қорғауға орайлас ортақ тәсілдемелері Комиссия Алқасының 2023 жылғы 11 мамырдағы № 10 ұсынымында көрсетілген.