Жаңалықтар

27.07.2022 (Обновлено: 09.08.2022 14:40)

ЕЭК Алқасы «Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» техрегламентке орайлас стандарттар тізбесіне дәлме дәл өзгерістер енгізді

Өзгерістер Ресей Федерациясында аккумуляторлық стартерлік батареяларға қатысты ұлттық стандарт стандарттар тізбесіне (МемСТ Р 53165-2008) енгізілгенін жоюға байланысты Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің мемлекеттік органдарының бастамасы бойынша енгізілді және көрсетілген стандартты оның өзекті версиясына (МемСТ Р 53165-2020) ауыстыруға бағытталған. 

Сынақ зертханаларын МемСТ Р 53165-2020 жаңа стандартының талаптарына аккредиттеу үшін Комиссия Алқасының шешімімен 2022 жылғы 31 желтоқсанға дейін МемСТ Р 53165-2008 стандартын қолдануға жол беріледі.

ЕЭК Алқасының шешімі ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

Анықтама

 МемСТ Р 53165-2008 (ХЭК 60095-1:2006) — «Автотракторлық техникаға арналған қорғасын аккумуляторлы стартерлі батареялар. Жалпы техникалық шарттар»;

МемСТ Р 53165-2020 (ХЭК 60095-1:2018) — «Қорғасын-қышқыл батареялары. 1 бөлім. Жалпы талаптар және сынау әдістері».