Еуразиялық экономикалық комиссия алаңында ЕЭК Сауда саясаты департаментінің директоры Владимир Серпиковтің және ЕЭК Санитариялық, фитосанитариялық және ветеринариялық шаралар департаментінің директоры Владимир Синкевичтің басшылығымен мемлекеттік органдардың, іскерлік қауымдастықтардың және бизнестің өкілдерімен Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің ауыл шаруашылығы өнімдерінің Иран нарығына қол жеткізуінің мәселелерін талқылау болып өтті. Кездесу ЕАЭО мен Иран Ислам Республикасы арасындағы Еркін сауда туралы келісімнің осы жылғы 15 мамырда күшіне енуі қарсаңында өтті.
Келісімнің преференциялық қамтылуы ауыл шаруашылығы тауар номенклатурасының 67%-ын өтей алады, оның үлесіне ЕАЭО-ның Иранға ауыл шаруашылығы экспортының 98%-ы тура келеді. Сауда режимін ырықтандыру Иран тарапының тарифтік қорғалу деңгейін елеулі түрде төмендетуге мүмкіндік береді: бүкіл ауыл шаруашылығы тауар номенклатурасы бойынша Иранның БҚР-ының орташа ставкасы 30%дан 14%-ға дейін төмендейді.
"Келісім ЕАЭО бизнесі үшін Иран нарығына, соның ішінде азық-түлік тауарлары бөлігінде қол жеткізудің бірегей тарифтік жағдайларын жасайды. Осыған байланысты аталған бағыт бойынша Иранмен ынтымақтастықты дамыту шеңберінде біз бірінші кезекте назар аударуымыз жөн болатын тосқауылдар мен проблемалық мәселелерді айқындауымыз қажет", – деп атап өтті Владимир Серпиков.
Ол сондай-ақ Келісімде өзара саудаға елеулі әсер етуі мүмкін санитариялық, ветеринариялық-санитариялық және карантиндік фитосанитариялық шараларды қолдануға қатысты реттеуші бөліктің бір мезгілде жетілдірілгенін де еске салып өтті.
"ЕАЭО-да СФС-шаралар саласындағы нормативтік-құқықтық база қалыптастырылды, ол қауіпсіздікке, соның ішінде азық-түлік өнімдеріне, Одақ аумағы бойынша әкелу және өткізу тәртібіне қойылатын талаптарды белгілейді. Аталған салаларда ЕАЭО құқығын сақтаған кезде үшінші елдердің, соның ішінде Иранның өнімдері ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің нарығына түседі", – деп хабардар етті Владимир Синкевич.
Санитариялық және фитосанитариялық шараларды қолдануды қоса, ауыл шаруашылығы өнімдеріне қол жеткізу мәселелерін Иран тарапымен 2025 жылдың екінші жарты жылдығына жоспарланған Келісімді іске асыру жөніндегі бірлескен комитеттің бірінші отырысы барысында талқылау ұсынылады. Бұдан басқа, осы саладағы ирандық әріптестермен өзара іс-қимылдың неғұрлым перспективалы бағыттарын Келісімнің ережелерін имплементациялауға бағытталған ЕАЭО мен оған мүше мемлекеттер және Иран арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі бірлескен іс-шаралар жоспарының (жол картасының) әзірленіп жатқан жобасына енгізу жоспарлануда.