Еуразиялық экономикалық комиссияның сайтында Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің уәкілетті органдары ұсынатын ресми статистикалық ақпараттың статистикалық көрсеткіштерінің 27-бөлімінің көрсеткіштері бойынша мемлекеттік (муниципалдық) сатыпалым саласындағы ақпаратты (есептілікті) жинау және қалыптастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар орналастырылды.
Құжатты ЕЭК әзірледі және тараптардың есептілікті қалыптастыру үшін мәліметтерді жинаудың бірыңғай тәсілдемелерін пайдалануы мақсатында оны Мемлекеттік (муниципалдық) сатыпалым жөніндегі консультативтік комитет мақұлдады.
Мүше мемлекеттерде есептілікті қалыптастыру туралы талап ЕАЭО туралы шартта айқындалған. Ол ЕЭК Алқасының 2025 жылғы 9 желтоқсандағы № 122 шешіміне сәйкес 25 көрсеткіш және екі формат бойынша тоқсан сайын беріледі. Есептілік негізінде "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің мемлекеттік (муниципалдық) сатыпалымы" жыл сайынғы шолуы қалыптастырылады.