Жаңалықтар

23.12.2022 (Обновлено: 17.01.2023 15:07)

Комиссия ЕАЭО елдеріндегі зарядтық инфрақұрылым құрылысында Беларусьтың тәжірибесін пайдалануды ұсынады

Бұл мәселе Еуразиялық экономикалық комиссияның Өнеркәсіптік саясат департаменті директорының орынбасары Николай Рогожниктің Беларусь Республикасына жұмыс сапары шеңберінде талқыланды.

Минскіде аса жылдам зарядтау кешенінің таныстырылымы шеңберінде ЕЭК өкілі Еуразиялық экономикалық одақтың басқа мемлекеттерінде осыған ұқсас жобаны құру мүмкіндігін талқылады. 

Белорус әзірлеушілерінің ойластыруы бойынша, мұндай кешеннің негізгі артықшылығы - электробустарды электромобильдермен бір мезгілде жоғары қуатта зарядтау, энергияны жинақтау жүйесі, операторсыз сауда дүкені, "ақылды" қала жүйесін ендіру.

ЕЭК-тің Өнеркәсіп жөніндегі консультативтік комитеті жанындағы автомобиль құрылысы саласында ЕАЭО-дағы ынтымақтастық жөніндегі сарапшылық тобының отырысында уәкілетті органдар мен бизнестің өкілдері 2023 жылы Комиссия Кеңесінің отырысында қарау қорытындысы бойынша мұндай жобаны мүше мемлекеттерде іске асырудың орындылығын пысықтауға уағдаласты.

 Анықтама

"Белорусмұнай" өндірістік бірлестігі" РБК - Беларусьтағы электромобильдер үшін зарядтық инфрақұрылымды құру және дамыту бойынша мемлекеттік оператор. Компания жоспарында - 2023 жылы 8 аса жылдам зарядтық кешенді пайдалануға беру бар.

Жобаның ерекшелігі - бағдарламалық қамтылымнан, электробустардан бастап зарядтық станциялар мен жинақтау жүйелеріне дейін белорус өнеркәсібінің өнімін пайдалану болып табылады.