Жаңалықтар

19.05.2022 (Обновлено: 27.05.2022 11:30)

Су тазарту жабдығын өндіруші-компания ЕЭК-тің алдын ала ескертуін орындады

Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссияны «Аквафор Трейдинг» (Ресей Федерациясы) жауапкершілігі шектеулі қоғамы ЕАЭО трансшекаралық нарықтарында бәсекелестік қағидаларын бұзушылық белгілерін жою үшін ЕАЭО монополияға қарсы реттеудің «жұмсақ құқық» құралдарының бірі — алдын ала ескертуді іске асыру рәсіміне сәйкес хабардар етті. Өткен жылғы шілдеден бастап ЕЭК-те Беларусь Республикасы Монополияға қарсы реттеу және сауда министрлігінің «Аквафор Трейдинг» ЖШҚ су тазарту жабдығын өткізу кезіндегі іс-әрекетіндегі жосықсыз бәсекелестіктің ықтимал белгілері туралы материалы қарауда болды. Компания «Полимерконструкция» БК (Беларусь Республикасы) тиесілі «Кристалл-Б» тауар белгісін ығыстыратын дәрежеде ұқсас тауарды даралау құралын пайдаланған.

Комиссияның Монополияға қарсы реттеу департаменті материалдарды зерделеу қорытындысы бойынша бәсекелестікке қарсы іс-әорекеттерді тоқтату қажеттігі туралы алдын ала ескерту дайындап, ресейлік компанияға берді.

«Аквафор Трейдинг» ЖШҚ «Полимерконструкция» БК тауар белгісін ығыстыратын дәрежеде ұқсас тауарды даралау құралдарымен келтірілген су тазарту жабдығын ЕАЭО елдері аумағында азаматтық айналымға енгізуді тоқтату туралы Комиссияға хабарлама білдірді. «Аквафор Трейдинг» ЖШҚ ООО «Аквафор Трейдинг» бұдан әрі тұтынушы графикалық немесе көзбен көру арқылы белорустық компания өндірген тауар сияқты теңдестіруі мүмкін тауар белгісі немесе сөзбен белгіленімі пайдаланылмайды деп сендірді.