ЕЭК Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі министрі Максим Ермолович 9 сәуірде Мәскеудегі Ғарыш апталығы шеңберінде өткен "Ресей ғарыш саласының жаңа экономикалық жағдайдағы сатыпалымы және кооперация" салалық конференциясында Еуразиялық экономикалық комиссияның Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі мемлекеттік сатыпалым саласындағы қызметі туралы хабарлады.
Максим Ермолович Еуразиялық өнеркәсіптік тауарлар тізілімін – сатыпалым саясатының маңызды құралы – ЕАЭО өндірушілері үшін бірыңғай цифрлық ресурс ретінде таныстырды.
Ол ЕАЭО елдерінен тауарлар шығарылған елді растау механизмдері, Еуразиялық өнеркәсіптік тауарлар тізілімін қалыптастыру тәртібі, оның өзекті мәртебесі, құрылымы, интеграциялық бірлестік мемлекеттеріндегі өнім берушілер мен тапсырыс берушілердің оны пайдалану тәртібі туралы айтып берді."Еуразиялық өнеркәсіптік тауарлар тізілімі мемлекеттік сатыпалымға қол жеткізуді қамтамасыз ету құралы ғана емес, ортақ өнеркәсіптік кеңістікті қалыптастырудың негізі болады", – деп атап көрсетті Максим Ермолович.
"Еуразиялық тізілімнің ЕАЭО-дағы оқшауланған тауарлардың өсіп келе жатқан тізбесіне орай жұмыс істеуі кооперацияны тереңдету, Одақ ішіндегі өндірістер мен құзыреттерді дамыту үшін қуатты ынталандыру тудырады, бұл барлық қатысушы елдің өнеркәсіптік егемендігін тікелей нығайтады", – деп түйіндеді Максим Ермолович.
Конференцияға Ресейдің мемлекеттік органдары мен бизнесінің өкілдері қатысты.