Максим Ермолович пен Айбек Мамыралиев ЕАЭО аясында бәсекелестікті дамыту перспективаларын талқылады

Еуразиялық экономикалық комиссияның Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу министрі Максим Ермолович және Қырғыз Республикасы Экономика және Коммерция министрлігі жанындағы монополияға қарсы реттеу қызметінің төрағасы Айбек Мамыралиев Бішкектегі кездесуде Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде бәсекелестікті дамытуға байланысты көптеген мәселелерді қарастырды.

Келіссөздер барысында құқық қолдану мәселелеріне, оның ішінде Қырғыз Республикасының Бәсекелестік туралы заңының жаңа редакциясының ережелеріне, олардың ЕАЭО туралы шартқа сәйкестігі бөлігінде ерекше назар аударылды. Жекелеген тауарларға мемлекеттік бағаны реттеу, ЕАЭО мемлекеттерінің аумақтарында халықаралық роумингте ұялы байланыс қызметтеріне әділ тарифтерді белгілеу үшін қажетті жағдайларды қалыптастыру, кейбір тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйіне бастамашыл бағалау жүргізу мәселелері талқыланды.

Осы бағыттардағы өзара іс-қимыл тетіктерін одан әрі жетілдірудің маңыздылығы атап өтілді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар алдағы бірлескен жұмыстың негізгі бағыттары және монополияға қарсы реттеу саласындағы өзекті мәселелерді шешудің ықтимал тетіктері жөнінде уағдаластықтарға қол жеткізді.