Максим Ермолович және ЕАЭО елдерінің уәкілетті органдарының басшылары трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестік мәселелерін талқылады
Еуразиялық экономикалық комиссияның Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі министрі Максим Ермолович 3 шілдеде Астанада Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің бәсекелестік саласындағы уәкілетті органдары басшыларының қатысуымен кеңес өткізді.

Трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің жалпы қағидалары бұзылуының ықтимал белгілерін анықтау мақсатында тауар нарықтары мен экономика секторларына бастамашыл зерттеулер жүргізу жан-жақты талқыланды және бәсекелестіктің жай-күйіне бастамашыл бағалау жүргізу тәсілдемелері туралы пікір алысылды.

"ЕАЭО Соты ЕЭК-тің нарықтарды бастамашыл зерттеу құқығын және осы мақсатта ақпарат беру бойынша сұрау салу жіберу құқығын растады. Алайда, ЕЭК сұрау салуы бойынша толық емес немесе жалған ақпарат ұсынбағаны немесе ұсынғаны үшін шаруашылық жүргізуші субъектілерді жауапкершілікке тартуға қатысты азғантай өзгешеліктер бар, бұл зерттеулердің мерзімі, толықтығы мен релеванттығы үшін тәуекел туғызады", — деп атап өтті ЕЭК министрі.

Максим Ермолович ЕЭК-тің ашық көздерден алынған ақпаратқа, статистикалық деректерге және нарықтарға қатысушылар ерікті түрде ұсынатын мәліметтерге сүйене отырып, бастамашыл зерттеулер жүргізу жөніндегі жұмысты жалғастыру ниетін растады.

Кеңесте ЕАЭО елдерінің бәсекелестік ведомыстарының ЕЭК-пен ақпараттық өзара іс-қимылды, соның ішінде трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің бұзылу белгілерін анықтау үшін ақпарат ауысу бойынша күшейтуінің маңыздылығы атап өтілді.

Кеңес жұмысына ЕАЭО жанындағы байқаушы мемлекеттердің өкілдері де қатысты.