Еуразиялық экономикалық комиссияның Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі министрі Максим Ермолович Минскіде Еуразиялық экономикалық одақ Сотының ЕАЭО кеңістігінде құқықтың үстемдігін қамтамасыз ету туралы VIII халықаралық конференциясына қатысты.
"Еуразиялық экономикалық одақтың трансшекаралық нарықтарындағы бәсекелестіктің жалпы ережелері" сессиясында Максим Ермолович одақтық құқықтағы құқық қолдану практикасының нәтижелері және ЕАЭО Сотымен өзара іс-қимыл жасау бойынша мұндай нарықтардағы монополияға қарсы бұзушылықтардың ескіру мерзімдері, сондай-ақ Комиссия Алқасының бұзушылықтар туралы істер жөніндегі шешімдерінде ұйғарылған "мінез-құлық талапшарттарын" орындамағаны үшін жосықсыз субъектілердің жауапкершілігі мәселелері реттелгенін атап өтті.
Комиссия Алқасының трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің жалпы ережелерінің сақталуын бақылау саласындағы шешімдеріне дау айту туралы жеке тұлғалардың ЕАЭО Сотына жүгіну құқығын көздейтін Одақ туралы шартқа түзетулер пакеті мемлекетішілік келісуге шығарылды. Субъектінің өзіне айып тағылған құқық бұзушылық туралы хабардар болуын қамтамасыз ететін істерді қарау тәртібіне түзетулерді осы жылдың желтоқсан айында ЕЭК Кеңесіне енгізу жоспарлануда.
Ол сондай-ақ Бәсекелестік жөніндегі блоктың мүше мемлекеттермен бірлесіп Қазақстан тарапының 2025-Стратегиясы жөніндегі бастамасы шеңберінде зардап шеккен тұлғаның Одақ мемлекетінің сотына трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің жалпы ережелерін бұзу нәтижесінде келтірілген залалды өтеу туралы дауталаппен жүгіну мүмкіндігі туралы жүргізіп жатқан жұмысына назар аударды."Аталған түзетулер Одақ елдерінің азаматтары мен заңды тұлғаларына өз мүдделерін жақсырақ қорғауға көмектеседі", – деп атап көрсетті Максим Ермолович.
"Субъектілердің залалды өтеу жөніндегі мүмкіндіктерін дамыту одақтық трансшекаралық кеңістікте бәсекелестік құқықты сақтау үшін қосымша ынталандыру болады", – деп түйіндеді ЕЭК министрі.