Максим Ермолович Ресейдің Федералдық монополияға қарсы қызметін 20 жылдығымен құттықтады

Еуразиялық экономикалық комиссияның Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі министрі Максим Ермолович Ресей Федералдық монополияға қарсы қызмет ұжымын ведомствоның құрылғанына 20 жыл толуымен құттықтады.

"Осы жылдар ішінде Қызмет үлкен тәжірибе жинақтап, мемлекеттік басқарудың ұлттық органдары жүйесінде де, бүкіл әлемдегі бәсекелестік ведомстволары қоғамдастығында да беделді әрі жоғары кәсіби мемлекеттік институт ретінде қалыптасты. Адал бәсекелестікті қамтамасыз ету, еркін нарық қағидаттарын, азаматтар мен шаруашылық қызметке қатысушылардың мүдделерін қорғау – бұл біздің елдеріміздің экономикалық дамуының қазіргі кезеңіндегі маңызды, түйінді міндеттердің бірі", — деп атап өтті министр.

Анықтама

Федералдық монополияға қарсы қызмет Ресей Президентінің 2004 жылғы 9 наурыздағы № 314 Жарлығына сәйкес құрылды.