Максим Ермолович Өзбекстанның Бәсекелестікті дамыту және тұтынушылар құқықтарын қорғау комитетінің басшысы Халилилло Турахужаевпен келіссөздер жүргізді
10.10.2025

Еуразиялық экономикалық комиссияның Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі министрі Максим Ермолович 9 қазанда Ташкентте Өзбекстан Республикасының Бәсекелестікті дамыту және тұтынушылар құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Халилилло Турахужаевпен жұмыс кездесуін өткізді.

Тараптар бәсекелестік саласындағы өзара іс-қимылдың түйінді мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, бірлескен консультациялар, форумдар мен семинарлар өткізу, цифрлық платформаларды реттеу бойынша тәжірибе, талдамалық материалдар және таңдаулы практика ауысу перспективасы қаралды.

Кездесу қорытындысы бойынша сарапшылық өзара іс-қимылды жандандыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

2020 жылғы желтоқсанда Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес Өзбекстан Республикасына Еуразиялық экономикалық одақ жанындағы байқаушы мемлекет мәртебесін берді.