Максим Ермолович Қырғызстанның қаржы министрі Руслан Суйналиевпен жұмыс кездесуін өткізді

Бішкек қаласында Еуразиялық экономикалық комиссияның бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі министрі Максим Ермолович пен Қырғыз Республикасының Қаржы министрі Руслан Суйналиев Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы мемлекеттік сатып алу саласын дамытудың перспективаларын талқылады.

Тараптар ЕАЭО туралы шартқа өзгерістер енгізу жөніндегі бірлескен жұмысты талдап, есептілікті ұсыну мерзімдерін сақтауға және мемлекеттік сатып алуды цифрландыруға қатысты мәселелерді қарады.

Ынтымақтастық әлеуеті туралы айта келе, Максим Ермолович мемлекеттік сатып алу саласын цифрландыру бағытында ұстанып отырған белсенді ұстанымы үшін Қырғызстан тарапына алғысын білдірді. Ол Қырғызстанның Одақтың цифрлық күн тәртібіне қосқан зор үлесін және ЕАЭО құқықтық базасын одан әрі дамыту және осы бағыттағы ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.


Скачать исходники фотографий