Еуразиялық экономикалық комиссияның Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі министрі Максим Ермолович Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі, Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің Төрағасы Серік Жұманғаринмен жұмыс кездесуін өткізді.
Тараптар Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі бәсекелестік пен мемлекеттік сатыпалым саласының жай-күйі мен дамуына, соның ішінде бәсекелестік саласындағы құқықты жетілдіруге қатысты бірқатар мәселені талқылады.
ЕАЭО-дағы биржалық сауданың перспективалары, мемлекеттік сатыпалым шеңберінде тауарлардың өзара жеткізілуін ұлғайту, сондай-ақ мемлекеттік сатыпалым мақсаты үшін ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерден шығарылатын тауарлардың Одақ елдерінің нарықтарына қол жеткізуі мәселелері бөлек сөз болды.
ЕЭК бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі блогының алдағы V Еуразиялық экономикалық форум шеңберінде өткізуді жоспарлаған іс-шараларын дайындау және ұйымдастыру туралы пікір алысу болып өтті.
Тараптар кездесу қорытындысы бойынша тәжірибе және үздік практика ауысуды қамтитын бұдан арғы бірлескен жұмыстың басымдықтарын айқындап көрсетті.