Максим Ермолович дипломаттарға ЕЭК жұмысы туралы айтып берді

27 шілдеде Минскіде Еуразиялық экономикалық комиссияның Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі министрі Максим Ермолович Еуразиялық экономикалық одақ елдері өнімдерінің мемлекеттік сатыпалымға қатысуға қол жеткізу тәртібі туралы айтты.


Беларусь Республикасының Сыртқы істер министрлігі ұйымдастырған Беларусь Республикасының дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелерінің басшыларына арналған семинарда сөз сөйлеген Максим Ермолович Комиссияның бәсекелестік және мемлекеттік сатыпалым саласындағы саясаты мен жұмысын таныстырды.

 

ЕЭК министрі мемлекеттік сатыпалым мақсаты үшін ЕАЭО аумағындағы тауарлардың шығарылған елі мәселелеріне айрықша назар аударды.

Максим Ермолович бәсекелестікті адвокаттандыру мен халықаралық ынтымақтастықты қоса, Комиссияның ЕАЭО трансшекаралық нарықтарындағы бәсекелестік саласындағы қызметі туралы тыңдаушыларды хабардар етті.

Беларусь дипломатиялық қоғамдастығына арналған семинар – мемлекеттік органдар мен халықаралық ұйымдар өкілдерінің қатысуымен дипломатиялық қызметтің әртүрлі аспектілері талқыланатын жыл сайынғы айтулы іс-шара.