Максим Ермолович: "ЕАЭО мен БАӘ арасындағы Экономикалық әріптестік туралы келісім біздің өзара қарым-қатынастарымыздың ұзақ мерзімді базисін айқындайды"

Еуразиялық экономикалық комиссияның Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі министрі Максим Ермолович бұл туралы Петербург халықаралық экономикалық форумы шеңберіндегі "Ресей — БАӘ" бизнес-диалогында сөйлеген сөзінде мәлімдеді.

"Қазіргі жағдайда халықаралық сауданы жүзеге асыру үшін өзара іс-қимылдың көпжақты форматтары нашар жұмыс істеуде. Сауда келісімдерінің қолда бар іргетасын бұзбай, ынтымақтастықтың өзіндік архитектурасын құру қажет", — деп атап өтті ЕЭК министрі.

Максим Ермолович Еуразиялық экономикалық одақтың нарығы өз көлемі бойынша барынша күшті екендігіне назар аударды: бүгінде ЕАЭО елдерінің сыртқы саудасы шамамен 800 млрд доллар құрайды. Сондықтан әріптес елдермен сауда келісімдерін дамыту және оларға өзара міндеттемелердің неғұрлым кең тізбесін енгізу одан әрі өзара іс-қимыл жасауға негіз болады. 

"Егер 2024 жылы ЕАЭО-ның БАӘ-мен тауар айналымы шамамен 14 миллиард доллар құраса, 2025 жылы біз тағы екі миллиард қостық. Өткен жылы біздің арамызда қол қойылған сауда келісімі бұл процесті айтарлықтай қарқынды етуге тиіс. Бұл ретте ол кең жаңартпалар жиынтығын қамтиды, бұл уағдаластықтарға қол жеткізуде үлкен мүмкіндік береді", — деді Максим Ермолович.

Біріккен Араб Әмірліктері тарапынан сессияға Экономика және туризм министрі Абдулла Бин Тук Аль Марри, БАӘ-нің Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Мухаммед Ахмед Аль-Джабер, сондай-ақ бизнес өкілдері қатысты.


Скачать исходники фотографий