Петербург халықаралық экономикалық форумы шеңберінде Еуразиялық экономикалық комиссияның Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі министрі Максим Ермолович "Монополияға қарсы реттеу және зияткерлік меншік: цифрлық дәуірдегі тәсілдемелерді трансформациялау" сессиясына қатысты.
Пікірсайыс цифрландыру жағдайында монополияға қарсы реттеу мен зияткерлік меншік объектілеріне құқықтардың арақатынасы мәселелеріне арналды. Сарапшылар, атап айтқанда, бәсекелестік пен инновацияларды дамыту, тауар нарықтарын трансформациялау, зияткерлік меншік объектілеріне арналған айрықша құқықты теріс пайдаланумен байланысты бәсекелестікке қарсы практиканы талқылады.
"Еуразиялық экономикалық одақтың бәсекелестік құқығында монополияға қарсы иммунитеттер жоқ. Мұндай иммунитеттер ұлттық монополияға қарсы заңнамада қолданылады және олардың көлемі әртүрлі. Осыған байланысты біз заңнаманы одан әрі үндестірудің орындылығын көріп отырмыз және Одақ мемлекеттерінде бәсекелестік пен инновацияларды дамыту мақсатында зияткерлік меншік объектілеріне арналған айрықша құқықтармен байланысты иммунитеттерді алып тастауды қолдаймыз", — деп атап өтті Максим Ермолович.