11 қыркүйекте Еуразиялық экономикалық комиссия алаңында халықаралық ұйымдар мен бірлестіктер осы тақырыптама бойынша өткен дөңгелек үстел барысында Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің әлемдік агроазық-түлік жүйесіндегі жоғары рөлін атап өтті.
ЕАЭО, ШЫҰ, ФАО, АҚИҰ, ТМД мемлекеттері мен Халықаралық астық кеңесінің өкілдері азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы ұлттық және өңірлік стратегияларды іске асыру бойынша тәжірибе ауысты.
Халықаралық астық, қант саудасы мәселелері, ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің селекциясы, әлемдік азық-түлік нарығындағы құрылымдық өзгерістер басты назарда болды. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын сақтандырып қолдау шаралары, ЕАЭО елдері тауар өндірушілерінің бәсекеге қабілетті агроазық-түлік тізбектеріне қатысу перспективалары қаралды.
Оның сөзінше, Комиссия орнықты агроазық-түлік жүйелерін құру мақсатында ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін платформа болуға дайын."Еуразиялық "бестік" елдері агроазық-түлік нарығын, соның ішінде АӨК-те цифрлық технологияларды реттеудің тиімді механизмдерін ендіру мәселелерінде белсенділікпен ілгері басып келеді", — деп атап өтті ЕЭК Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі министрі Гоар Барсегян.
Іс-шараға ШЫҰ бас хатшысының орынбасары Т.Р. Мидхун, Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымы бас директорының орынбасары Хусрав Нозири, ФАО-ның Ресей Федерациясымен байланыс жөніндегі бөлімшесінің директоры Олег Кобяков, Халықаралық астық кеңесінің атқарушы директоры Арно Пети, ЕАЭО елдерінің уәкілетті мемлекеттік органдарының, АӨК саласындағы салалық одақтар мен қауымдастықтардың өкілдері қатысты.