2026 жылғы 2 қазанда Минскіде Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысы шеңберінде ЕАЭО елдерінің теңіз өткізу пункттерінде электрондық құжат айналымын дамыту нәтижелері туралы ақпарат ұсынылды.
Есептік ақпарат мүше мемлекеттер мен Еуразиялық экономикалық комиссия өкілдерінің мамандандырылған сарапшылық тобының ЕАЭО елдерінің теңіз өткізу пункттерінде электрондық құжат айналымын дамыту жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру бойынша 2023-2025 жылдарда атқарған жұмыс нәтижелерін қамтиды.
Екінші кезең шеңберінде Қазақстан мен Ресейдің теңіз порттары арқылы тасымалдау кезінде цифрландырудың жай-күйі мониториңі бойынша жұмыс жүргізілді, сондай-ақ ЕЭК Алқасының көлікті цифрлық дамытуға және құжаттарды қағаз жеткізгіште пайдаланудан бас тартуға бағытталған екі ұсынымы қабылданды.
Үкіметаралық кеңеске осы бағыттағы жұмыс электрондық құжат айналымына толық көшуді жүзеге асыру және мүше мемлекеттердің теңіз өткізу пункттерінде цифрлық технологияларды қолдануы мақсатында жалғастырылатыны баяндалды.