Үкіметаралық кеңес АӨК-ті дамытудың бірлескен болжамдарын мақұлдады
30.09.2025
Еуразиялық үкіметаралық кеңес Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың бірлескен болжамдарын, Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің 2025-2026 жылдарға арналған ауыл шаруашылығы өнімдері, азық-түлік және жеңіл өнеркәсіпке арналған шикізат бойынша сұранысы мен ұсынысының теңгерімдерін мақұлдады.

ЕАЭО мемлекеттері өз өндірісі есебінен астық, қант, өсімдік майлары, шошқа еті, құс еті, қой еті, тауық жұмыртқасы сияқты өнімдер бойынша ішкі қажеттілікті толық қанағаттандырады.

Бірлескен болжамдар ортақ нарықтың теңгерімділігін қамтамасыз етуге, өзара сауданы дамыту, жаңа өндірістер құру үшін мүше мемлекеттердің әлеуетін пайдалануға бағытталған АӨК-ті дамыту жөніндегі жүйелі құжат болып табылады.