Жаңалықтар

16.09.2021 (Обновлено: 07.02.2022 15:38)

Михаил Мясникович: «ЕАЭО Тәжікстанмен ынтымақтастықты қазіргі бар барлық форматтың шеңберінде дамытуға дайын»

ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының саммиті шеңберінде 16 қыркүйекте Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Михаил Мясниковичтің Тәжікстан Республикасының Премьер-министрі Кохир Расулзодамен кездесуі болып өтті. ЕЭК Алқасының Төрағасы бүкіл Еуразиялық кеңістік үшін ШЫҰ және ҰҚШҰ желісі бойынша Тәжікстанда өткізіліп жатқан іс-шаралардың ауқымдығы мен айрықшалығын атап өтті.

Михаил Мясниковичтің пікірінше, ЕАЭО мен Тәжікстанның сауда-экономикалық ынтымақтастығы белсенді дамуда және үлкен әлеуетке ие. 2021 жылдың бірінші жарты жылдығында өзара тауар айналымы 2020 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 41% өсім көрсетіп, 1,15 млрд АҚШ долл.құрады.

«ЕАЭО Тәжікстанмен ынтымақтастықты өзара іс-қимылдың Одақта бар барлық форматын пайдалана отырып дамытуға дайын. Мұндай жұмыстың нәтижесі ЕАЭО елдеріне өнім өткізудің көлемін ұлғайта өсіретініне және тұтастай Тәжікстан экономикасын нығайтатынына сенімдімін»,- деп мәлімдеді Михаил Мясникович.


Михаил Мясникович Комиссияның Тәжікстан Үкіметіне қажетті ақпараттық және талдамалық қолдау жасайтынын атап көрсетті.

Кездесу шеңберінде тараптар өзара қызығушылық тудыратын өзекті мәселелерді де талқылады.


Анықтама:

ЕАЭО елдері мен Тәжікстанды белсенді сауда-экономикалық ынтымақтастығы, ортақ тарих және тығыз гуманитарлық байланыстар, соның ішінде ТМД, ҰҚШҰ және ШЫҰ шеңберіндегі бұрыннан бар өзара іс-қимыл біріктіреді. 2020 жылы ЕАЭО мемлекеттерінің Тәжікстанмен сыртқы сауда айналымы 1,77 млрд АҚШ долл.құрады. 2021 жылдың бірінші жарты жылдығының өзінде айтарлықтай өсім байқалып отыр: айналым- 1,15 млрд АҚШ долл. (+41%) экспорт - 950 млн АҚШ долл. (+28%), импорт - 200 млн АҚШ долл.(2,6 есе).