Жаңалықтар

16.02.2023 (Обновлено: 21.02.2023 16:44)

Михаил Мясникович және ТМД, ҰҚШҰ, Одақтық мемлекет атқарушы құрылымдарының басшылары РФ Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездесті

16 ақпанда Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Михаил Мясниковичтің, сондай-ақ Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының (ТМД) бас хатшысы Сергей Лебедевтің, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ҰҚШҰ) бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетовтің, Беларусь пен Ресейдің Одақтық мемлекетінің бас хатшысы Дмитрий Мезенцевтің Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездесуі болып өтті. 

Тараптар өзекті халықаралық және өңірлік тақырыптар бойынша пікір алмасты, 2022 жылғы өзара іс-қимылдың қорытындысын шығарды. Еуразиялық интеграцияны одан әрі ілгерілету үшін бұдан тығыз байланысты жолға қоюдың перспективалары қаралды.