Жаңалықтар

16.06.2022 (Обновлено: 29.06.2022 11:17)

Михаил Мясникович 2022-ПХЭФ-те: «ЕЭК Үлкен Еуразиялық әріптестік стратегиясын мазмұнды пысықтауға дайын»

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Михаил Мясникович 2022-ПХЭФ шеңберіндегі «АСЕАН-ЕАЭО-ШЫҰ: Үлкен Еуразиялық әріптестіктің интеграциялық сегменті» сессиясының қатысушыларын Үлкен Еуразиялық әріптестік (ҮЕӘ) стратегиясын жедел әзірлеу қажеттігіне және оны одан әрі іске асыруға шақырды. Ол Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің ҮЕӘ құру туралы идеясын іске асырудың жоғары маңыздылығын атап өтті.

Бұдан бұрын, 26 мамырда Еуразиялық экономикалық форумның жалпы отырысында Ресей Президенті Владимир Путин былай деген еді: «Үлкен Еуразиялық әріптестікті дамытудың кешенді стратегиясын қалыптастыратын уақыт пісіп-жетілді, ол біздің алдымызда тұрған түйінді халықаралық сын-қатерлерді көрсетуге, сондай-ақ перспективалық мақсаттарды айқындауға, оларға қол жеткізудің құралдары мен механизмдерін қамтуға тиіс. Үлкен Еуразиялық әріптестік саяси және экономикалық архитектураны өзгертуге, бүкіл құрылықта тұрақтылық пен өркендеудің кепілі болуға және, әрине, барлық халықтардың даму модельдерінің, мәдениеттері мен дәстүрлерінің сан алуандығын ескеруге арналған».

Михаил Мясникович Үлкен Еуразияда жіксіз өзара іс-қимыл жүйесін құруға — Үлкен Еуразиялық әріптестіктің құқықтық тірегін қалыптастыруға бас назар аударды. «Еуразиялық экономикалық комиссия осы стратегияны мазмұнды пысықтауға дайын», — деп атап көрсетті Михаил Мясникович.Михаил Мясникович Үлкен Еуразияда жіксіз өзара іс-қимыл жүйесін құруға — Үлкен Еуразиялық әріптестіктің құқықтық тірегін қалыптастыруға бас назар аударды. «Еуразиялық экономикалық комиссия осы стратегияны мазмұнды пысықтауға дайын», — деп атап көрсетті Михаил Мясникович.

ЕЭК Алқасының басшысы атап өткендей, Комиссия бірінші кезектегі міндеттер ретінде осы кеңістікті біртұтас тұтастыққа біріктіретін жобаларды — перспективалы трансеуразиялық дәліздерді дамытуды белгіледі. Осы мақсатта ЕЭК Алқасы 2021 жылы Еуразиялық көлік дәліздері мен маршруттарының тізбесін бекітті.

Осымен қатарлас көлік дәліздерінің цифрлық экожүйесі құрылуда. Ол Одақ аумағында көлік операцияларын жүзеге асырумен байланысты 100-ден астам әртүрлі сервисті цифрлық түрде ұсынатын трансұлттық цифрлық шешім үшін негіз болуға, сондай-ақ үшінші елдердің осыған ұқсас цифрлық экожүйелерімен интеграциясының мүмкіндігін қамтамасыз етуге тиіс.

ЕЭК Алқасының Төрағасы Үлкен Еуразиялық әріптестіктің әлеуетін іске асыру үшін практикалық негіз бола алатын валюталық-қаржылық ынтымақтастық ерекше назар аударуға лайық деп санайды. «БРИКС жалпы төлем карточкасын шығаруды, ЕАЭО елдерінің төлем жүйелерін құруды және басқа көптеген нәрселерді қоса, ҚХР-мен, БРИКС және ШЫҰ елдерімен төлем және есеп айырысу инфрақұрылымын интеграциялау саласында өзара іс-қимылды күшейту қажет», — деп толықтырды ол.

Пікірсайысқа Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) Бас хатшысы Чжан Мин, Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрінің орынбасары Александр Панкин, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Парламенттік Ассамблеясының жауапты хатшысы Сергей Поспелов, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Атқарушы комитеті төрағасының — Атқарушы хатшысының орынбасары Денис Трефилов, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі Хатшылығының атқарушы директоры Қайрат Сарыбай, Ресей Федерациясының Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академисының (РХШжМҚА) ректоры Владимир Мау, Тайхэ институтының профессоры, 2016–2018 жылдардағы ШЫҰ Бас хатшысы Рашид Алимов қатысты. Модератор «М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекетік университеті» ЖБ ФМБЖМ Азия және Африка елдері институтының директоры Алексей Маслов болды.

Анықтама

ҮЕӘ ЕАЭО елдерін ғана емес, ТМД, ШЫҰ, АСЕАН мемлекеттерін, сондай-ақ Еуразияның Қытай, Үндістан және басқалар сияқты аса ірі экономикаларын қамтиды.