Жаңалықтар

17.03.2023 (Обновлено: 21.03.2023 12:50)

Михаил Мясникович: «Инвестициялық ынтымақтастықтың жаңа механизмдерінің ЕАЭО-ны дамытуда маңызы зор»

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының төрағасы Михаил Мясникович Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Халықаралық экономикалық форумында сөйлеген сөзінде Еуразиялық экономикалық одақта инвестициялық ынтымақтастықты арттыруға және қуатты еуразиялық компанияларды құруға шақырды.

«Өзара инвестициялар ЕАЭО елдерінің ЖІӨ-ге ең үлкен интеграциялық үлес қосады. Сондықтан негізгі капиталға салынатын инвестициялардың қазіргі көлемін, ал бұл ЖІӨ 17-18%, мұны кем дегенде екі есе ұлғайту қажет, ал мемлекет жеке бизнеспен қатар белсенді инвестор бола алатын еді», - деп атап өтті ЕЭК Алқасының басшысы.

ЕЭК Алқасының төрағасы Еуразиялық экономикалық интеграцияның оң әсерін атап өтті. «2015-2022 жылдар аралығында Одақ мемлекеттерінің өзара сауда көлемі 1,8 есеге ұлғайды. Бұл ретте оң беталыс үшінші елдермен сауда ынтымақтастығында да байқалады, ол 1,7 есе өсті», - деді Михаил Мясникович.

«Одақтың тұрақты дамуының негізгі бағыты өнеркәсіптік өндіріс процестерін түбегейлі жеделдету және ЕАЭО өнеркәсіптік кластерлерін қалыптастыру болып табылады», - деп мәлімдеді ЕЭК Алқасының төрағасы.

Еуразиялық интеграцияны дамытудың перспективалық бағыттарының ішінде ЕАЭО елдерінің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеті аталды. ЕЭК Алқасының төрағасы: «Еуразиялық «бестікте» 94% өз өндірісі есебінен ішкі нарықты қамтамасыз етудің жоғары деңгейіне қол жеткізілді», - деп атап өтті. Ол сондай-ақ ауыл шаруашылығы және азық-түлік өнімдерін өндіру мен тұтынудың теңгерімдері өндіріс көлемін ұлғайтып қана қоймай, оларды ұтымды басқару қажеттігін айғақтайтынын айрықша айтты.

Михаил Мясникович сонымен қатар ЕАЭО, ТМД, ШЫҰ және БРИКС арасындағы конструктивтік өзара іс-қимылдың маңыздылығын және бұл 24-25 мамырда Мәскеуде өтетін II Еуразиялық экономикалық форумның негізгі тақырыптарының біріне айналатынын атап өтті.

Анықтама

ТМД қатысушы мемлекеттерінің Халықаралық экономикалық форумы ТМД елдерінің кәсіпкерлері мен мемлекеттік билік өкілдерінің ашық диалог жасауы үшін жыл сайынғы беделді алаң болып табылады. Форумның биылғы тақырыбы – «Интеграция диалогы: ТМД, ЕАЭО, ШЫҰ, БРИКС».

Форум жұмысына ТМД елдерінің вице-премьерлері, Экономикалық даму, қаржы, өнеркәсіп және сауда министрліктерінің басшылары мен орынбасарлары, билік органдарының, сауда-өнеркәсіп палаталарының, салалық бірлестіктер мен банк қауымдастықтарының өкілдері қатысады.