Жаңалықтар

25.02.2022 (Обновлено: 21.03.2022 12:52)

Михаил Мясникович 24-25 ақпандағы Үкіметаралық кеңес отырысының қорытындылары туралы

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Михаил Мясникович 24-25 ақпанда көзбе-көз форматта Нұр-Сұлтанда (Қазақстан Республикасы) өткен Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысының қорытындылары туралы журналистерге айтып берді.

- Құрметті БАҚ өкілдері, Үкіметаралық кеңес Төрағасы өткен жыл нәтижелерінің статистикасын жан-жақты әрі объективті көрсетіп берді, бұлар шынында да қуантпай тұра алмайды, себебі өткен жыл ішіндегі интеграцияның басты көрсеткіші - өзара өнеркәсіп кооперациясының өсімі, өзара сауда өсімі - 2020 жылмен салыстырғанда үштің біріндей және 2019 жылға қарағанда 20 п.п. болды. Сөйтіп, біз бұл көрсеткіштердің туралығы туралы айтамыз.

Ағымдағы жыл – ЕАЭО-да Қырғыз Республикасы төрағалық ететін жыл. Үстіміздегі жылы елдің төрағалық етуіне орай Қырғызстан Президенті С.Н. Жапаровтың мемлекеттер басшыларына арнаған үндеуінің өте мазмұнды әрі барынша нақты екеніне тағы да назар аударғым келеді. Біз ЕЭК-те, нақтысы Алқада тиісті іс-қимыл жоспарын әзірледік, ағымдағы жылға арналған қажетті құжаттарға қол қойдық. Сөйтіп, бұл жай үндеу емес, ол нақты практикалық жұмысқа трансформацияланған, біз Қырғыз Республикасының тиісті бастамаларын іске асырумен айналысатын боламыз және мемлекеттер мен үкіметтер басшыларына баяндап отырамыз.

2022 жылғы жұмыста бізді сүйемелдейтін белгілі бір жаңалыққа назарларыңызды аударғым келеді. Мен қызметтің басты үш басымдықты бағытын бөліп көрсетер едім. Біріншісі - негізгі капиталға инвестициялар. Алдыңғы жылмен салыстырғанда өткен жылы инвестициялар көлемі біршама артқанына қарамастан, біз ішкі нарықта жоғары бәсекелі тауарға ие болу үшін және үшінші елдерге экспорт үшін бұл жеткіліксіз деп ойлаймыз. Сол себепті инвестицияларды елеулі арттыру және ЖІӨ-нің кем дегенде 30%-ы көрсеткішіне шығу қажет деп пайымдаймыз.Соңғы жылдар ішінде біз ие болып отырған көрсеткіштермен салыстырғанда, оларды 1,5-2 есе арттыру керек. Әсіресе экономиканың базалық саласы ретінде өнеркәсіп өндірісіне, сол сияқты жаңа өндірістерге – өнеркәсіптік кооперацияның есебінен де, бірлескен трансеуразиялық экономикалық корпорациялар құру есебінен де: микроэлектроника, биотехнология және 5-6 технологиялық салт ретінде сыныпталатын қызметтің басқа да озық бағыттары бойынша инвестициялар көлемін арттырған маңызды.

Екінші бағыт - өте маңызды. Бұл - сөздің кең тұрғысындағы цифрландыру мәселелері. Біз қазірдің өзінде осы жұмысты жүргізіп жатырмыз, яғни бізде жаңа күн тәртібі және интеграцияланған ақпараттық жүйе – қағидатты түрде жаңа технологиялар қалыптасады. Баяндаманың тиісті ережелерін және қызмет бағытын қолдағаны үшін үкімет басшыларына ризашылық білдіремін, осы арқылы біз ақпарат алмасудың бұдан да озық жүйесіне ие боламыз.

Ағымдағы жыл барысындағы біздің жоспарларымыз: өткен тоғыз жылмен салыстырғанда ағымдағы жалпы процестерді пайдалануды арттыру. Бұл үшін бізде барлық негіз бар, жатық жұмыс жүріп жатыр. Сонымен бірге, көп нәрсе интеграцияланған ақпараттық жүйенің ұлттық секторларының дайындығына байланысты екеніне назар аударғым келеді. Бүгінде біз кейбір елдерде интеграцияланған ақпараттық жүйенің жалпы процестеріне қосылу бойынша кейбір кешігу де бар екенін айтып өте аламыз. Дамудың өзге механизмдеріне келсек, бұл туралы да үкімет басшыларына баяндадық және тиісті қолдау алдық.

Осы үш бағыт: негізгі капиталға инвестициялар, цифрландыру және қағидатты түрде жаңа жағдайлардағы кооперациялық байланыстар – бұдан арғы дамуға өте елеулі түрткі болатыны сөзсіз.

ЕЭК қызметіндегі іске асырылатын тағы бір бағыт - әлеуметтік саясат мәселелері. Бұл тақырып анағұрлым басымдықты болуға тиіс, себебі оның сыртында әрбір нақты адам тұр. Белгілі бір оң жылжу бар. Бұларға мемлекет басшыларының 2020 жылғы желтоқсанда Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарын қабылдауының арқасында қол жетті - әлеуметтік саясат мәселелері де мұнда да белгілеп көрсетілген.

Жұмыспен қамту қызметтерінде тіркелген жұмыссыздар саны ЕАЭО бойынша 2021 жыл ішінде 67% қысқарды. Бұл өте жақсы көрсеткіштер, бұл жаңа жұмыс орындары. Біз бұлардың жоғары тиімді жұмыс орындары болуына ұмтылуға тиіспіз.

ЕАЭО-ның барлық елінде нақты жалақының өсуі қамтамасыз етілді, әсіресе бұл Беларусьта 4,4% және Қазақстанда 8% өсті. Біз алдағы уақытта өнеркәсіптік кооперацияға, өзара саудаға ғана назар аударып қоймай, әлеуметтік күн тәртібінің мәселелерін де шешу қажет деп ойлаймыз.