Жаңалықтар

21.09.2022 (Обновлено: 26.09.2022 17:23)

Михаил Мясникович Никол Пашинянды Армения Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Михаил Мясникович Армения Республикасының Премьер-министрі, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің және Еуразиялық үкіметаралық кеңестің мүшесі Никол Пашинянды елдің ең басты мемлекеттік мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

«Сіздің күш-жігеріңіздің және Армения халқының еңбегі арқасында Сіздің еліңіз дәстүрлерді сақтаған және экономикалық әлеуетті дамытқан егемен, демократиялық, өркендеуші мемлекет ретінде қалыптасып болды», – делінген құттықтау хатта.

ЕЭК Алқасының басшысы интеграциялық процестер шеңберіндегі тиімді ынтымақтастық алдағы уақытта да Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің халықтарының игілігіне арналған перспективалық экономикалық жобаларды іске асыруға ықпал ете береді деп сенім білдірді.
Михаил Мясникович Никол Пашинянға Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің арасындағы өзара пайдалы қатынастарды нығайту мәселелеріне көңіл бөліп отырған бұлжымас қолдауы мен зор ықыласы үшін алғысын білдірді.