Жаңалықтар

17.05.2022 (Обновлено: 26.05.2022 10:22)

Михаил Мясникович Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтады

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Михаил Мясникович Қазақстан Республикасының Президенті, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес мүшесі Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтады.

«Сіз шындығында бүкіл Еуразиялық кеңістікте зор құрметке және халықаралық беделге ие болып отырсыз», — делінген құттықтау хатта.

ЕЭК Алқасының басшысы Қазақстан Республикасының Президентіне Еуразиялық интеграцияны дамыту мәселелеріне баса назар аударып, Еуразиялық экономикалық одақ елдері арасындағы достық, өзара пайдалы қатынастарды қолдап отырғаны үшін ризашылығын білдірді.

Михаил Мясникович Қасым-Жомарт Тоқаевқа мықты денсаулық, игі саламаттық және мемлекеттік қызметінде алда да табысқа жете беруді тіледі.