Жаңалықтар

27.01.2023 (Обновлено: 02.02.2023 14:34)

Михаил Мясникович БАӘ-нің Ресейдегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Мохаммад Ахмад Аль-Джабермен кездесу өткізді

27 қаңтарда ЕЭК-тің штаб-пәтерінде Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Михаил Мясникович Біріккен Араб Әмірліктерінің Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі М. А. Аль-Джабермен кездесті.

Кездесу барысында Еуразиялық экономикалық одақ елдері мен БАӘ-нің сауда-экономикалық ынтымақтастығының мәселелері, соның ішінде экспорттық-импорттық жеткізілімдерді өсіре түсу және сауданы әртараптандыру перспективалары талқыланды.

ЕАЭО мен БАӘ ынтымақтастығын қарқынды етудің бірінші қадамы 2022 жылғы маусымда Петербург халықаралық экономикалық форумы аясында Еуразиялық экономикалық комиссия мен БАӘ Үкіметі арасындағы өзара іс-қимыл туралы меморандумға қол қою болды, бұл бұдан арғы диалогты жүргізу үшін институционалдық негізді қалыптастыруға мүмкіндік берді.

2022 жылғы желтоқсанда Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы еркін сауда туралы келісім бойынша келіссөздерді бастау туралы шешім қабылдады.

"Келіссөздер тездетілген режимде жүргізіледі деп сенеміз.Бұл ретте ЕАЭО мен оған мүше мемлекеттердің БАӘ-мен ынтымақтастығын мәселелердің үлкен тобы бойынша тереңдетудің өзектілігін қазірдің өзінде бар бүгінгі таңдағы Одақ елдері мен БАӘ-ның елеулі коммерциялық араластық-қатынастың болуы, сондай-ақ Әмірліктің ЕАЭО-ның іскер қоғамдастығына қызығушылығы растай түседі. Өзара іс-қимылымызға жайлы да пайдалы жағдайлар орнату үшін барлық қажетті нәрсені жасайтын боламыз",- деп атап көрсетті ЕЭК Алқасының Төрағасы.

Тараптар алдағы байланысу графигін талқылады. Атап айтқанда, Михаил Мясникович БАӘ басшылығы мен кәсіпкерлерін 24-25 мамырға жоспарланған Еуразиялық экономикалық форумға белсенді қатысуға шақырды.

Анықтама

2015-2021 жылдары ЕАЭО елдері мен БАӘ арасындағы сауда көлемі 4 есе артты, ЕАЭО-ның БАӘ-ге экспорты 4,7 есе өсті, ал ЕАЭО-ның БАӘ-ден импорты 47 % өсті. Бұл ретте тауар айналымы 2022 жылдың қаңтар-қазан кезеңінде 2021 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда тағы да 55% артты.