Жаңалықтар

11.05.2022 (Обновлено: 18.05.2022 16:48)

Михаил Мясникович: «Санкциялар — бұл әлсіздіктің белгісі»

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Михаил Мясникович, ЕЭК Алқасының мүшелері (министрлері) және департаменттерінің директорлары Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 77 жылдығына орай 11 мамырда Мәскеуде Александров бағындағы Белгісіз солдаттың қабіріне венок қою рәсіміне қатысты.

«Бізде ЕЭК-те ортақ жеңісіміз үшін құрбан болған солдаттардың қабіріне мамыр айында Ұлы Жеңіс құрметіне венок қою жақсы дәстүрге айналды. Бұл экономикалық топтасқандық жолында жұмыс істеп жатқан қазіргі кезде әсіресе маңызды бірлік рухын, Одақ халықтарының топтасқандығын көрсететін естелікке тағзым», — деп атап өтті Михаил Мясникович рәсім қорытындысы бойынша.

ЕЭК Алқасы Төрағасының сөзінше, санкциялар жағдайында бұл жұмыс жақсы нәтижелер береді. Өткен жыл ішінде ЕАЭО елдерінің өзара сауда көлемі үштің біріне өсті, өзара кооперация өсуде.

«Бұл бізде сауда жасайтын нәрселердің бар екенін көрсетеді және біз өзімізді ауыл шаруашылығы өнімдерімен де, өнеркәсіп өнімдерімен де қамтамасыз ете аламыз. Біздің топтаса түскеніміз жаңа инновациялық жобаларды іске асыруда көрінді, ғылыми-техникалық саладағы жұмыс жанданды. Демек, бізге санкциялардың күшімен ықпал етуге тырысқандар ештеңеге қол жеткізе алмайды», — деді Михаил Мясникович.
Санкциялар — бұл Ресеймен және Беларусьпен бәсекелесе алмайтын мемлекеттердің әлсіздігі және олар БҰҰ нормалары мен өркениетті ынтымақтастыққа қайшы келетін тыйым салынған әдістерді пайдалануға тырысады, деп атап өтті ЕЭК Алқасының Төрағасы.