Жаңалықтар

28.09.2022 (Обновлено: 14.10.2022 13:19)

Михаил Мясникович: «ЕАЭО-ны дамытудың кепілі - ғылымды қажетсінетін салалардағы инвестициялық қызметті күшейту болуға тиіс»

Еуразиялық экономикалық одақты дамытудың кепілі толық технологиялық цикл бойынша өндірісті бағамдайтын және ЕАЭО елдерінің технологиялық егемендігін қамтамасыз етуге қабілетті ғылымды қажетсінетін салалардағы инвестициялық қызметті күшейту болуға тиіс. Бірінші кезекте микроэлектроникада. Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Михаил Мясникович Мәскеуде 27 қыркүйекте Ғылым академияларының халықаралық қауымдастығы (ҒАХҚ) Кеңесінің отырысында мәлімдеді.

ЕАЭО-дағы экономикалық өсу ішкі инвестицияларды белсенді өсіру есебінен қамтамасыз етілуі мүмкін. 

Михаил Мясникович: "Біз өзіндік күшімізді есепке алуға тиіспіз, өйткені барлық қажетті ресурстар - кадр, ғылым, шикізат - біздің Одақта бар. Бастамалар мен оларды табанды іске асыру жетіспейді. Жаңа, серпілісті идеялар қажет, олардың генераторы ғылым болуға тиіс",- деген сенімде.

ЕЭК Алқасының Төрағасы Еуразиялық экономикалық комиссияның ЕАЭО-да жартылай өткізгіштерді дамыту жөніндегі мемлекетаралық бағдарламаны әзірлеуге бастамашылық жасауды орынды деп санайтынын атап өтті. Бұл Одақ елдерінің ғылыми және өндірістік әлеуетін біріктіруге, машина жасауда, медицинада, ӘӨК-те және басқа салаларда өміршең қажеттілікті өзіндік жартылай өткізігіштер мен чиптерді әзірлеу үшін оңтайлы жағдайлар жасауға мүмкіндік береді. Михаил Мясникович бұл жұмысқа ғылыми қоғамдастықтың қатысуы қажетті екенін атап өтті.

Бұдан басқа, осы бағдарламаны және тұтастай өнеркәсіптік кооперацияны қаржылай қолдаудың көздері талап етіледі. ЕЭК бірлескен жобаларды іске асыру үшін кредиттер бойынша пайыздық ставканы субсидиялау арқылы өнеркәсіптік кооперацияны қаржыландыру жөнінде нақты шаралар әзірледі. Комиссияның тиісті ұсыныстары - қазірдің өзінде ұлттық Үкіметтерде.

Ғылымның, бизнестің және мемлекеттік басқарудың синергиясын талап ететін тағы бір маңызды бағыт - бәрінен бұрын экономикалық өлшемде түсінілетін биологиялық қауіпсіздік. Биоқауіпсіздік фармацевтикадағы, генетикадағы, климаттық күн тәртібіндегі өзіндік озық әзірлемелерге сүйенуге тиіс, яғни тұтастай ЕАЭО-ның тәуелсіз әрі орнықты дамуына қол жеткізуді ұсынуы қажет.

"Тиімді сату үшін бәсекеге қабілетті тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге ие болу керек, олардың негізінде жаңа технологиялар жатады, ал бұларды жасау үшін іргелі білім талап етіледі. Біздің елдеріміздің басшыларының технологиялық егемендік туралы тапсырмасын тек осылай ғана тиімді орындай аламыз",- деп түйіндеді Михаил Мясникович.

ЕЭК Алқасының Төрағасына ҒАХҚ академигі атағы берілді және айырым белгісі тапсырылды.

Анықтама

Ғылым академияларының халықаралық қауымдастығы (ҒАХҚ) 1993 жылы ТМД елдері мен Вьетнамның Ғылым академияларының күш-жігерін біріктіру мақсатында ең маңызды ғылыми проблемаларды көпжақты негізде шешу, тарихи қалыптасқан байланыстарды сақтау, ғалымдар арасында диалогты дамыту үшін құрылды.

Әзербайжанның, Арменияның, Беларусьтың, Грузияның, Қазақстанның, Қырғызстанның, Молдованың, Ресейдің, Тәжікстанның, Өзбекстанның, Түркіменстанның, Вьетнамның, Қытайдың, Моңғолияның, Черногорияның Ғылым академиялары ҒАХҚ мүшесі болып табылады.