Жаңалықтар

10.09.2021 (Обновлено: 12.01.2022 16:01)

ЕЭК министрі Максат Мамытканов пен Ресейдің ФКҚ басшысы Владимир Булавин ЕАЭО-да навигациялық пломбаларды қолдануды және Одақтың бірыңғай транзит жүйесі мәселелерін талқылады

9 қыркүйекте Еуразиялық экономикалық комиссияның Кедендік ынтымақтастық жөніндегі министрі Максат Мамытканов пен Ресейдің ФКҚ басшысы Владимир Булавин Еуразиялық экономикалық одақта навигациялық пломбаларды қолдануды және бірыңғай транзит жүйесі мәселелерін талқылады.


Атап айтқанда, ЕАЭО-да навигациялық пломбаларды қолдану туралы келісім жобасын және ЕАЭО-дағы бірыңғай транзит жүйесі туралы келісім жобасын дайындау мәселелері сөз етілді. Кездесуге қатысушылар бұл келісімдер транзит рәсімдерін қолдануды жетілдіруге мүмкіндік береді және ЕАЭО-ның транзит әлеуетінің дамуына оң әсер етеді деп атап көрсетті.

Тараптар Одақтың Кеден кодексіне өзгерістер енгізуді, ақпараттық технологияларды ендіруді және кедендік процестерді цифрландыруды жұмыстың негізгі бағыттары ретінде белгіледі.

«Бұл салалардағы жұмыс Комиссияның кеден блогы қызметінің басымдықты бағыты болып табылады. Кедендік әкімшілендірудегі айырмашылықтар ЕАЭО ішіндегі тауарлардың орын ауыстыруы кезінде проблемалар тудырады, ал кедендік реттеу саласындағы Одақ құқығын дәйекті жетілдіру және оны біріздендіру Одақтың транзиттік әлеуетінің дамуына оң әсер етеді»,- деп атап өтті Максат Мамытканов.

Владимир Булавин Одақ кеңістігінде бизнес жүргізудің тең жағдайларын жасау мақсатында бірыңғай кедендік реттеуді қамтамасыз ету қажеттігіне және Одақтың Кеден кодексіндегі сілтемелі нормаларды барынша азайтудың орындылығына назар аударды.