Жаңалықтар

26.01.2023 (Обновлено: 31.01.2023 10:52)

ЕЭК министрі Максат Мамытканов ЕАЭО елдерінің кеден органдары қызметкерлерін Халықаралық кеденші күнімен құттықтады

Еуразиялық экономикалық комиссияның Кедендік ынтымақтастық жөніндегі министрі Максат Мамытканов Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің кеден органдары қызметкерлерін 26 қаңтарда атап өтілетін кәсіби мереке - Халықаралық кеденші күнімен құттықтады.

"Кеден қызметі ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңызды элементі, сыртқы сауданың тиімді реттеушісі және экономикалық процестерге әсер етудің маңызы бар құралы болып табылады. Біздің Одақтың мемлекеттері бұл салада бірыңғай Кеден кодексі шеңберінде өте тығыз және жемісті өзара іс-қимыл жасайды", — деп атап көрсетті Максат Мамытканов құттықтау хатта.

ЕЭК министрі ЕАЭО мемлекеттері кеденшілердің жоғары кәсібилігі, өз істеріне берілгендігі алдағы уақытта да олардың алдына қойылған міндеттерді орындауына көмектеседі деп сенім білдірді. Оның пікірінше, Комиссия мен Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің кеден қызметтері арасындағы дәстүрлі жылы шырайлы және достық өзара қарым-қатынас нығайып, жетіле береді.

Максат Мамытканов Одақтың кеден органдарының барлық қызметкері мен ардагерлеріне мықты денсаулық, шексіз күш-қуат және өз мемлекеттері мен Еуразиялық интеграцияның игілігі жолында кәсіби табысқа жете беруді тіледі.